Кіріспе

 

«Бейорганикалық қышқылдар мен негіздердің технологиясы және химиясы» пәнінен курстық жұмыс оқытушының тапсырмасы бойынша  жасалатын студенттің жұмысы.

Пән бойынша курстық жұмыстың тақырыбын белгілі бір өндіріс жүйесі негізінде немесе оның бір жеке цехтары бойынша таңдалып, жүргізіледі. Студентке курстық жұмыстың тақырыбын типтік форма бойынша оқытушы береді. Онда бастапқы мәліметтер мен курстық жұмыстың құрылымы, құрамы, сонымен қатар әдебиеттер көрсетіледі. Курстық жұмыстың   құрылымы негізгі бөлімдерден: өнімге және шикізатқа сипаттама, өнімнің алыну технологиясы, материалдық және жылулық баланстар, сонымен қатар қорғау күні,  оқытушы аты-жөні көрсетіледі.

Студенттер курстық жұмысты орындау барысында нормативтік құжаттармен жұмыс жасауды, әдебиеттерді қолдануды, ЭЕМ есептеулерді және сызбаларды өңдеу және сызуды, олардың жазылу тәртібін меңгереді. Курстық жұмыста қазіргі кездегі жаңа технологиялар, патенттер, мерзімді әдебиет көздері мен монографиялар қолданылуы қажет.

Студент өзіне қатысты инженерлік жұмысты ұқыпты орындауы қажет.  Жасалынған курстық жұмыс кафедрада тағайындалған комиссия алдында қорғалады.

 

1 Түсіндірме жазба

 

 Түсіндірме жазба келесі бөлімдерден тұрады:

-тапсырма

-тұжырым

-мазмұны

-нормативтік белгі

-анықтамалар

-белгілер мен қысқартулар

-кіріспе

-өнімнің қолдану аумағы және мәні

-өнім мен шикізаттың физика-химиялық қасиеттері

-өнімнің алыну технологиясы

-өнімнің алыну технологиясына сипаттама

-үрдістің технологиялық үлгісі

-технологиялық сызбаның материалдық балансы

-технологиялық сызбаның жылу балансы

-технологиялық үлгінің тиімді параметрлері

-қорытынды

-пайдаланған әдебиеттер тізімі

-қосымша

1.1 Тұжырым

 

Тұжырым бөлімін курстық жұмыс аяқталғаннан кейін, ондағы есептелген, анықталған негізгі нәтижелер мен қорытындыларды қысқаша келтіреді.

 

1.2 Мазмұны

 

Курстық жұмыстың мазмұны ондағы жазылған әрбір тақырып пен тақырыпшалардың аттары белгілі ретпен келтірілуі тиіс.

 

1.3 Нормативтік белгі

 

Нормативтік белгі бөлімінде курстық жұмыста қолданған барлық мемлекеттік қалыптар мен заңдардың аттары мен нөмірлері, МЕСТ аттары, жылдары, нөмірлері көрсетілуі тиіс.

 

1.4 Анықтамалар

 

Бұл бөлімде курстық жұмысты орындау барысында жаңадан кездесетін кейбір сөздер мен терминдерге қысқаша анықтама беріп, олардың мағынасын ашып жазу қажет.  

 

1.5 Белгілер мен қысқартулар

 

Белгілер мен қысқартулар бөлімінде есептеу барысында, курстық жұмысты дайындау кезінде кезедесетін белгілер мен қысқартуларға түсінік беріп, олардың аттарын толық жазылуы тиіс.

 

1.6 Кіріспе

 

Кіріспеде алынатын өнімнің маңыздылығы мен қажеттілігі, нарықтық экономикадағы алар орны, өнім өндірілетін елдер, Қазақстандағы өндірістердің іске асуы, берілген өндірістің сипаттамасы келтіріледі.

 

1.7 Өнімнің қолдану аумағы және мәні

     

Бұл бөлімде өнімнің қолдану аумағы, нарықтағы сұранысқа қаншалықты ие екендігін талдау ерекшеліктері, өнімнің мәні мен мағынасы, сонымен қатар өнімнің жартылай өнім ретінде және шикізат ретінде пайдалану ерекшеліктері келтірілуі тиіс.

 

1.8 Өнім мен шикізаттың физика-химиялық қасиеттері

 

Өнім мен шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттері бөлімінде өнімге және шикізатқа физикалық және химиялық сипаттама жасап, олардың қасиеттеріне толық шолулар жасау қажет. Шикізатты және қосымша материалдарды таңдаған кезде оның өнім сапасына әсері, экологиялық қауіпсіздігі мен тазалығы, технологиясының ерекшелігі  қарасытырылады.

Шикізатты, өнімді және қосымша материалдарды анықтағанда олардың барлық физико-химиялық сипаттамалары мен технологиялық қасиеттері және МЕСТ-қа ден қойылады. Мысалы, 1,2-кестелерде шикізат пен өнімнің сипаттамалары келтірілген.

 

1-кесте- Колчедан шикізатының сипаттамалары

Шикізат, өнім, қосымша материалдардың сипаттамалары

Мемлекеттік немесе  шаруашылық стандарт, регламент

Тексеруге қажетті көрсеткіш

Негізгі көрсеткіштері

Колчедан

МЕСТ -444-75

Массалық үлес

-күкірт сульфиді, аз емес, %

-мышьяк, көп емес, %  

 

 

38-50

 

1,0

 

21-кесте- Азот қышқылының (Б сорты) сипаттамалары

Шикізат, өнім, қосымша материалдардың сипаттамалары

Мемлекеттік немесе  шаруашылық стандарт, регламент

Тексеруге қажетті көрсеткіш

Негізгі көрсеткіштері

Азот қышқылы

МЕСТ 3267-77

Массалық үлесі

- HNO3, аз емес, %

- MgO, көп емес, %

- FeO, көп емес, %

 

63

0,5

0,3

 

1.9 Өнімнің алыну технологиясы

 

Бұл бөлімде өнімнің алынатын бірнеше технологияларының түрлеріне сипаттама жасау керек. Технология түрлерінің ерекшеліктері, артықшылақтары, кемшіліктері және т.б. сипаттамалары келтірілуі қажет.

       Өндірістің режимі мен әдісін таңдау негізгі патенттік ізденістер мен периодттық журналдардағы, сонымен қатар ғылыми әдебиеттік жазулардағы әдістер арқылы жүргізіледі. Содан соң алынған мәліметтерді салыстыра отырып тиімді әдіс таңдалынады. Өндірістің технологиялық режимдеріне көптеген (температура, қысым, уақыт, шоғырлар) факторлар әсер етеді.  Бұл факторлардың барлығы өнімнің сапасына әсер етеді. Әрбір технологиялық үрдістен кейін талдаулар жасалынады.

 

1.10 Өнімнің алыну технологиясына сипаттама

 

Өнімнің алыну технологиясына сипаттама бөлімінде алдыңғы бөлімдегі технологиялардың арасындағы ең тиімді, қазіргі кездегі қолданатын бір технологияны немесе цехты сипаттап жазу қажет. Сонымен қатар әрбір үрдістің параметрлерін (температура, қысым, шоғыр, жылдамдық, катализатор құрамы және т.б.) айқындап көрсету керек.

 

1.11 Үрдістің технологиялық үлгісі

 

Бұл бөлімде аталған, сипатталған бір технологияның үлгісі, сызбасы А4 форматына сызылып, әрбір технологиялық қондырғылардың аттары келтірілуі қажет. Таңдалынып алынған әдіс және технологиялық параметралерге сәйкес технологиялық сызба құрастырылады. Технологиялық сызба бастапқы шикізаттан дайын өнім алғанға дейінгі сызбалардың барлығын көрсетеді. Бұл бөлімде барлық қажетті жылу, ағынды сулар, газ қалдықтары мен шаңдар толығымен ескеріледі.

 

1.12 Технологиялық сызбаның материалдық балансы

 

Курстық жұмыста технологиялық есептеулар оқытушының тапсырмасына сай жүргізледі. Өндірістің материалды және жылулық баланстары, қажетті жағдайда қондырғының саны мен көлемі есептелінеді.

Материалдық еспетеудің негізгі мақсаты берілген өнірістік өнімділікке қажетті барлық шикізаттардың шығынын есептеу болып табылады.. Бұл есептеу кезінде өндірістік сызбадағы барлық бөлімдерге жүргізіледі.

Материалдық баланстың негізгі заңы заттардың массасын стехиометриялық қатынаста сақтау болып табылады.

Химиялық үрдістерде материалдық есептеуді негізгі және қосымша реакцияларға, сонымен қатар барлық шығындарды еске ала отырп шығарылады.

Физикалық процестер үшін (еріту, кристалдау, сүзу,  кептіру және т.б.)  есептеуді статистикалық және кинетикалық мәліметтер: ерігіштік, еру жылдамдығы немесе кристалдау сияқты мәліметтерді ескере отырып жүргізеді. Қондырғыға немесе бөлімге келіп түсетін заттардың массасын одан шығатын заттардың массасына тең болу қажет. Материалдық баланс    шикізат, өнім және қосымша материалардың техникалық жағдайының талапбына сай жасалады. Есептеуді 1т өнім немесе шикізатқа  сағаттық немесе тәуліктік өнімділік бойынша шығаруға болады. Мысалы:

 

Q - бөлімнің жылдық өнімділігі (т/сағат немесе м3/сағат);

A-  жұмыс күні (сағат, күн);  

g - сағаттық өнімділік (т/сағат немесе м3/сағат).

 

 

Матриалдық есептеудің соңы кестені толтырумен аяқталады. Кестені толтыру төменде келтірілген.

 

3-кесте  -Сатының материалдық балансы

Кіріс

Шығыс

Сатының атауы

Масса кг,т

Көлем м3

Сатының атауы

Масса кг,т

Көлем м3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.13 Технологиялық сызбаның жылу балансы

 

Жылулық есептеудің мақсаты барлық өндіріске кеткен жылудың, электр энергияның, будың, салқындататын судың шығындарын ескеру. Жылулық есептеу  энергияның сақталу заңына сүйеніп есептелінеді.

Жылулық баланстың теңдеуі:

SQкіріс=SQшығыс

 

немесе

 

SQкіріс-SQшығысс=0

 

Үздіксіз аппараттар үшін жылулық баланс сағаттық өнімділікке, ал   үздікті аппараттар үшін бір циклға есептелінеді.

Жылулық баланс  материалдық баланстың  мәліметтеріне сүйене отрып  экзотермиялық және эндотермиляық эфектілері ескеріп есептелінеді. Жылулық балансты есептеуде келесі теңдеу арқылы жүргізеді:

Qқ+Qс+Qг+Qф+Qр+Qш= Q/қ+Q/с+Q/г+Q/ф+Q/р+Q/ш

Мұндағы:

Qқ,Qс,Qг- қатты, сұйық, газ заттарымен келетін жылу саны;

Q/қ,Q/с,Q/г-  қатты, сұйық, газ  заттарымен  шығатын жылу саны;,

Qф,Qр-реакцияға сәйкес химиялық және физиалық жылу;

Qш-бумен немесе сумен келетін жылу;

Q/ш-қоршаған ортаға кететін жылу;

Qқ,Qс,Qг, Q/қ,Q/с,Q/г- мәндері келесі теңдеумен анықталады.

 

Q=G*c*T

Мұндағы

G-заттың массасы, кг;

с- заттың орташа жылусыйымдылығы, кДж/кг*К;

Т-температура, К.

Жылусыйымдылық мәнін анықтама кітабынан алынады немесе төмендегі теңдеумен есептеуге болады.

 

С =а+вТ+сТ2

 

а,в,с- эмпириялық коэффицент, анықтама кітабынан алынады.

Физикалық айналуда кетеін жылу төмендегі теңдеумен анықталады.

Qф=G1*r1+G2*r2+G3*r3

 

Мұндағы:

            G1,G2,G3- фазалық айналудағы қоспадағы заттың массасы, кг;

            r1,r2,r3- фазалық айналу жылуы, кДж/кг.

            Реакция нәтижесінде шығатын жылу:

 

Qр=ΔΗ·n

Мұндағы:

            ΔΗ- химиялық реакцияның жылу эффектісі, кДж/моль;

            n-заттың сандық молі.

            Қыздырғыш сумен

Qш= Gв*св*(tбаст-tсоң)

Мұндағы:

            Gв – қыздырғыш су массасы

св –қыздырғыш судың жылусыйымдылығы.

tбаст,tсоң- судың бастпақы және соңғы температура

            Бумен

Qш= G* r

Мұндағы:

G- қыздырғыш бу массасы, кг;

 r- будың меншікті жылуы, кДж/кг.

            Жылулық баланстың есептелгеннен соң, кесте құрылуы қажет. Төменде кестенің мысалы келтірілген.

4-кесте - Сатының жылулық балансы

Кіріс

Шығыс

Сатының атауы

кДж/сағат

Сатының атауы

кДж/сағат

 

 

 

 

 

1.14 Технологиялық үлгінің тиімді параметрлері

 

Бұл бөлімде жоғарыда келтірілген, анықталған ең тиімді технологияның негізгі оңтайлы параметрлері келтіріледі, яғни алынатын өнімге әсер ететін негізгі парамтерлер: температура, қысым, шоғыр, катализатор және т.б. факторлардың әрбір сатыдағы ең тиімді мәндерін көрсету қажет. Бұл кезде өндірістің экологиялық жағдайын, яғни қатты, сұйық, газ және тағы басқа қалдықтардың мүмкін болса аз мөлшерін шығаруды ескерген жөн, сонымен қатар шығатын аз мөлшердегі қалдықтарды өңдеу жолдарын көрсеткен дұрыс.

 

1.15 Қорытынды

            Қорытындыға курстық жұмыстың ең негізгі сипаттамалары мен нәтижелері қысқаша түрде келтіріледі.

 

2 Курстық жұмысты жазбалау тәртібі

Курстық жұмыс А4 форматына жазылады. Жұмыста терминдер,  белгілеулер ғылыми әдебиеттерден алынады. Қысқартып жазуға болмайды.  А4 форматының  сол жағы - 3см, оң жағы 1 см,  үсті және асты - 2см тең болуы қажетт. Компьютерлік жазба болса онда 14 шрифт, аралық бір интервалмен жазылу керек. Әрбір бөлім жаңа парақтан басталады. Бөлімдердің атауы абзацтан басталып жазылады. Түсіндірме жазбаның  номері араб цифрларымен  белгіленеді. Парақты номерлеу бірінші беттен басталады. Әрбір бөлім араб цифрымен нүктесіз жазылады.  Мысалы 1 немесе 1.1 және с.с.

Иллюстрация (кесте, сызба,  сұлба, графиктер) түсініктеме берілгеннен кейін жазылу тиісті. Егер суреттердің немесе кестелердің үлкендігі А4 форматынан үлкен болса онда ол  1 парақ ретінде есептелінеді.

 Кесте немесе  суреттер төмендегі тәртіп бойынша  жазбаланады.

 5- кесте - Бастапқы мәліметтер

Операцияның аттары

Операцияның жағдайы

Алғашқы ерітіндінің құрамы

уақыт,

мин

tH, 0C

tk, 0C

қысым, Па

жалпы массасы, г.

H2O                                     %

KCl           %

NaCl                 %

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Араластырғышы бар бак; 2. ВК 1/16 құйынды сорап; 3. Р=0-6 кгс/см2 манометр; 4. А1-ОУС мембраналық модулі; 5. Фильтрат жинақтағыш; 6. Вентиль.

1-сурет – Металқұрамды ағынды суларды тазалайтын іс-тәжірибелік қондырғының үлгісі

            Мөрді жазбалау

 

7

10

23

15

10

 

ОҚМУ 050720 0000КЖ

                                           50

 

 

 

 

 

Подпись: 55

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Контактілі аппарат                 5

литер

масса

масшт

өлш

парақ

№ құжат

қолы

күні

5

5

5

17

18

Орындаған

 

 

 

Тексерген

 

 

 

Каф меңер

 

 

 

20

 

 

 

 

 

 

БЗХТ кафедрасы ТИ-05-1к1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер жазу реті

Әдебиеттер МЕСТ  сай  жазылуы қажетті.

 

Мысалы:

1.                 Позин М.Е. Технология минеральных солей и удобрения.-М.:Химия, 1979.-278 б.

2.                 Кузнецева Л.Д.  Синтез аммиака.-М.Химия, 1985 -368 б.

3.                 Технология фосфорных и комплексной удобрений / Под ред. С.Д. Эвенчика и А.А. Бродского.-М.: Химия,1987.-464 б.


1 қосымша

Ф.4.7-006-05

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

М. О. Ауезов атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Институт                                                                                                                            

 

Кафедра                                                                                                                              

 

Мамандық                                                                                                                          

 

                  «Бекітемін»

БЗХТ кафедрасының меңгерушісі________

                                              «__»____________200  г.

 

 

Курстық жұмысты (жобаны) қорғау

№ ХАТТАМАСЫ

          Пән_____________________________________________                                 

          Студент __________________ топ_____________________                              

Тақырып_____________________________________________________

 

 

 

 

Қорғау барысында мына сұрақтарға жауаптар:_______________

 

 

 

Курстық жұмысты (жобаны) орындау барысында алған балы (мүмкін 60 -тан)_____, қорғауды бағалау (бар мүмкіншіліктен) ______балл. Жинақты балдар_______ Жұмыстың ( жобаның) бағасы _______________

 

Курстық жұмыстың (жобаның) жетекшісі____________________

Комиссия мүшесі____________________________

Комиссия мүшесі____________________________

 

Қорғау күні_______________ 200  ж.

2 қосымша

                                                                                                               Ф.4.7-006-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

"Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" кафедрасы.

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

пәні бойынша

 

мамандық      _____________________________________________________

Тақырып__________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

 

Жұмыс мынандай бағамен                                             Орындаған

      қорғалды                                                         Студент_______________

______________                                                               қолы, аты-жөні. топ

      Бағасы, күні

 

Комиссия                                                              Жетекші

______________                                                            ______________                                                                        

   қолы, аты-жөні                                                           қолы, аты-жөні                                            

  ______________                                                                         

   қолы, аты-жөні                                              

                                                                                     норма бақылаушы

  ______________

                                                                                        қолы, аты-жөні                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШЫМКЕНТ 2008ж.

 

 

 


Ф.4.7- 002

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасы

 

        «Бекітемін»

кафедра меңгерушісі

____________

«_____»___________2007 ж.

 

"Бейорганикалық қышқылдар мен негіздердің технологиясы және химиясы"

пәні бойынша курстық жұмысқа

№__ ТАПСЫРМА

Студент _________________________  топ ТИ-_______________

 

Тақырыбы: _________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

 

Бастапқы мәліметтер: ________________________________________________________  

 

№

Жоба жазбасының мазмұны

Орындау уақытысы

Жоба көлемі (беттер саны)

 

Тұжырым

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

Нормативтік белгі

 

 

 

Анықтамалар

 

 

 

Белгілер мен қысқартулар

 

 

 

Кіріспе

 

 

1

Өнімнің қолдану аумағы және мәні

 

 

2

Өнім мен шикізаттың физика-химиялық қасиеттері

 

 

3

Өнімнің алыну технологиясы

 

 

4

Өнімнің алыну технологиясына сипаттама

 

 

5

Үрдістің технологиялық үлгісі

 

 

6

Технологиялық сызбаның материалдық балансы 

 

 

7

Технологиялық сызбаның жылу балансы

 

 

8

Технологиялық үлгінің тиімді параметрлері

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

Қосымша (кестелер, сызбалар, программалық құжаттар)

 

 

 

Әдебиеттер:_________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

 

Берілген күні______________      Қорғау күні_________________________________

Жұмыс жетекшісі  ________                    Тапсырманы орындауға алған ______________

 

Жұмысты орындау үшін тапсырмада көрсетілмеген барлық қажетті мәліметтерді тәжірибеден және әдебиеттерден алу керек